ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО автоиелері мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде жиі алуда

Бұл туралы брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Азамат Есембұлов айтып өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Корпорация филиалы басшысының айтуынша, осы жылдың басынан бастап өңір бойынша 26 мыңнан астам жүргізуші арнайы ХҚКО желілері бойынша өздігімен мемлекеттік қызметтер алған. Олардың ішінде он мыңнан астам азамат көлік құралдарын қайта тіркеген және үш мыңнан астам азамат портал арқылы онлайн жүргізуші куәліктерін ауыстырған. Былтырғы жылы ШҚО тұрғындарымен egov.kz порталы арқылы 7566 автокөлік қайта рәсімделген және екі мың жүргізуші куәлігі алынған.

Еске салайық, бүгінгі күні автокөлікті egov.kz және kaspi.kz, homebank банк қосымшалары арқылы және онлайн рәсімдеуге болады. жыл басынан бастап kaspi.kz банк қосымшасы арқылы 13 мыңнан астам көлік қайта рәсімделген.

Азаматтарға ыңғайлы және қолайлы болу үшін жалы басынан бастап ХҚКО QR арқылы төлем жасау іске қосылған. Клиенттер мемлекеттік салықтарды өздерінің смарт телефондары арқылы банк қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтің 146 түрі бойынша төлемдер жасай алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button