ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 26 қарашасында Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ 18 жастағы бірінші курстың студенті жүгінген. Оның айтуынша, 2021 жылдың шілде айынан қараша айына дейінгі аралықта белгісіз тұлғалар оның телефоны арқылы бірнеше банктен несие рәсімдеген. Осылайша шығын көлемі 900 мың теңгені құрады.
Жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барсында екі күдікті анықталып, ұсталды. Олар студент қыздың 18 жастағы курстастары болып шықты. Сұрау алу барысында олар өз кінәларын мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz