ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемендегі понтон көпірі тұсында ВАЗ-2106 және ГАЗель көліктері бетпе-бет соқтығысқан.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі көлікте қыстырылып қалған. ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құрылғылардың көмегімен зардап шеккен 1954 жылғы ер адамды алып шықты. Ер адам жедел-жәрдем қызметіне тапсырылды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz