ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғынынан 1,6 келіден астам гашиш тәркіленді (ВИДЕО)

Облыс орталығы тұрғынынан 1,6 келіден астам гашиш табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың қараша айының соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлеріне облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны есірткі құралдарын заңсыз өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеріс кезінде ақпарат расталды. 2021 жылғы 22 қарашада аталған ер адам ұсталды. Кідіріссіз жеке тінту барысында өсімдік тектес ұнтақ тәрізді заты бар 25 полимерлік түйіншек салынған қорап табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 1695,003 грамм “гашиш” есірткі құралы болып табылады.

“Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297 – бабы 3-бөлігіне сәйкес аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде “, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button