ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде алаяқ әйел ұсталды

Қала тұрғындарын "арзанға пәтер әперемін" деп 10 миллион теңгеге алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «102» жедел арнасына 24 жастағы азамат хабарласқан. Ол нарықтық бағадан әлдеқайда арзанға пәтер сатып алып беретіндігін айтқан бейтаныс әйелге 3 млн теңге бергенін жеткізді.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Сондай-ақ оның дәл осы әдіспен тағы екі адамды алдап соққаны белгілі болды. 52 және 27 жастағы зардап шегуші 6 850 000 теңге шығынға батқан. Күдікті өз кінәсін мойындады», – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button