ШҚОҚоғамТОПШҚОЭкономика

Шығыс Қазақстанның екі кәсіпорны «Парыз» сыйлығының иегері атанды

Шығыс Қазақстан облысынан кәсіпорындары жыл сайын өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсіміне қатысты. Өскемен қаласының «Үлбі метталлургиялық зауыты» АҚ және Риддер қаласының «Л-ТВК» ЖШС сыйлық иегерлері атанды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы отандық компаниялар стратегиясында негізгі КРІ болып саналады. Міне 15 жыл бойы кәсіпкерлікті дамытуда тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келген бизнес-қауымдастықтардың өкілдері бірқатар арнайы байқаулар нәтижелері бойынша жүлделер алуда.

Шығыс Қазақстанның да кәсіпорындары байқауларға белсенді қатысып, сыйлық иегерлері атануда. «Индустриялық серпіліс» санатында арнайы сыйлықты 2010 жылы «Өскемен титан-мырыш комбинаты» АҚ алды, ал 2011 жылы осы сыйлықты «Қазмырыш» ЖШС кәсіпорны алды. Өнеркәсіптегі үздік инновациялары үшін 2014 жылы сыйлықты Өскемендегі «POSUK Titanium» ЖШС алды.

Соңғы үш жылда шығысқазақстандық кәсіпорындарға түрлі номинациялар бойынша байқаудың жоғарғы наградалары табысталды. Кәсіпкерліктің ірі субъектісі Семей қаласындағы «СемАЗ» ЖШС 2018 жылы үздік өнеркәсіптік кәсіпорын атанды. 2019 жылы халыққа тауар өндіретін Семейдегі шағын кәсіпорын, «Роза киіз-аунау» ЖШС үздік кәсіпорын танылды. 2020 жылы облыс орталығындағы «Пасека» шаруа қожалығы «Азық түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын жеңіп алды.

2021 жылы байқауға қатысуға 160 кәсіпорын қатысты, олардың барлығы алдын ала оқыту семинарынан өтті. 7 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлік саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізгендері үшін түрлі номинация иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

ШҚО кәсіпкерлер Палатасы Шығыс бизнес-қауымдастығы атынан «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауындағы біздің жеңімпаздарымызды лайықты марапаттарымен құттықтайды:

  • «Ірі кәсіпкерлік субьектілері» санатында «Үздік ұжымдық шарт» номинациясының күміс мүсіншесін – Өскемен қаласындағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ (атом электростансасы үшін уран отынын өндіру) жеңіп алды;
  • «Шағын және орта кәсіпкерлік» санатында «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясының күміс мүсіншесімен – Риддер қаласының «Л-ТВК» ЖШС (жылу энергиясын өндіру) марапатталды.

“Шығыс бизнес-қауымдастығы атынан біздің жеңімпаздарымызды құттықтаймын және оларға болашақта табыс, тұрақтылық пен жаңа жобалартілеймін. Сіздердің жоғарғы әлеуметтік жауапкершіліктеріңіз – барлық кәсіпкерлер үшін өнеге. Сіздердің қоғам дамуына қосқан зор үлестеріңіз сіздерге екі есе кіріспен оралсын және кәсіптеріңіз гүлдене берсін!”, – деп құттықтады байқау лауреаттарын ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button