ҚоғамСемейТОП

Семейде ауа райына байланысты 1-11 сынып оқушылары бүгін мектепке бармайды

Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметің мәлімет таратты.

Оған сенсек, 2021 жылғы 7 желтоқсан күні Семей қаласында ауа райы бұзылып, қалада көктайғақ болады.

Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Мектеп оқушылары сабақты онлайн форматта қашықтан оқиды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірқатар өңірінде күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button