ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда әлемнің 17 елі қатысқан грэпплинг, джиу-джитсу, еркін күрес және каратэ аралас спорт түрлерінен Әлем чемпионаты өтті. Шығысқазақстандық Ерзат Сақабанов осы додада 57 салмақта өнер көрсетіп, өз салмағында “Әлем чемпионы” атағын жеңіп алды.
айтып өтейік, Ерзат сақабанов бұған дейін, бір ай бұрын Азия додасын жеңіп алған. Ол Өскемен қаласындағы № 9 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші лауазымында қызмет атқарады.
Semeynews.kz