Әлеуметтік желіде қала тұрғындары жұмыс барысы туралы фотосуреттермен және бейнероликтерді жариялауда. Қалалықтар жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің сыртқы әрлеуіне мән беруде.
Еске салайық, жаңа мешіт, кейіннен Абай есімімен аталған, былтырғы жылдың көктемінде ашылған. Ұлы ақынның 175-жылдығын мерекелеу шеңберінде жаңа мешіттің маңайын Түркістан облысы аббаттандырған. Жаңа мешітке жаяу жүргіншілердің жетуі, жолдан кесіп өтуі өте қиын, себебі мешіттің айналасы айналмалы жол. Қыркүйек айының басында мешіттің солтүстігінде жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті көпірін тартып бастаған. Алдағы жылы мешіттің оңтүстігінде, Қарқаралы көшесі бағытында тағы бір жер үсті көпірін орнату жоспарлануда. Көпірдің ұзындығы – 48 метр, ені – 2,5 метр, биіктігі – 5,5 метр. Екі бекіту тірегінде мешіт архитектурасының жалғасы ретінде екі күмбез орнатылады. Жобаның құны – 100 млн теңге. Мердігерлердің айтуларынша көпір толықтай жабық болады. Бұған дейін нысан 30 қазанда аяқталады деп хабарланған, бірақта жұмыс кешіктіріліп жатқан көрінеді. Дегенмен, семейліктерге мұндай қажетті жер үсті көпірінің пайда болуын күтулеріне аз қалды.
Semeynews.kz