ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда. Облысқа қараша айының басында аталған екпенің 35 100 дозасы келіп түскен.
«Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын алатындар санатындағы халықты иммундау жұмыстары қарқынды жүруде. Аймақ бойынша 12-18 жас аралығында 19 мыңнан астам бала екпе алды. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 400-ге жуық жүкті және 1400-ден астам бала емізетін әйелдер екпе салдырған», – делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы стационарларда 400-ден астам адам емделіп жатқаны хабарланған болатын.
Semeynews.kz