Архивтегі фото Қорғаныс министрлігі Тұңғыш президент күні болған тосын оқиғаның себебін айтты
Құрлық әскерлері әскери институтының 210 курсанты оқуды тастап, институттан өз бетінше кетіп қалған. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Semeynews.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 желтоқсанында Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант кешкі сағат 18.00-ден кейін оқу орнын өз бетінше тастап кеткен. Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтың айтуынша, курсанттар кадрлық өзгеріспен келіспей, наразылық білдірген.
“Олар факультет (курс) бастығын ауыстыру шешімімен келіспеген және бұрынғы басшыны қайтаруды талап еткен. Бүгін сағат 09.00-де барлық курсант сабақта болды. Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай туралы хабарланды”, – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Мамандар институтта болған жағдайды жан-жақты тергейді.
Semeynews.kz