ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде қайтадан алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Бұл жолы алаяқ әйел қала тұрғынын 250 000 теңгеге сан қақтырған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 қарашасында Семей қ. ПБ Затон ПБ “102” жедел арнасына 47 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2021 жылғы 18 шілдеде Шугаев көшесінде белгісіз адамның өзін алдау және сенімге қиянат жасау жолымен, корпустық жиһаз жасаймын деген сылтаумен оның 250 000 теңге сомасындағы ақшасын иемденіп кеткенін айтты.

“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын алаяқтық үшін сотталған Семей қаласының тұрғыны, 31 жастағы әйел адам ұсталды. Темір торға тоғытылса да ол, дұрыс жолды таңдамай, бұрынғы іс-әрекеттерін қайта жалғасытырды”, – делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Ұсталған әйел кінәсін толықтай мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button