ҚоғамСемейТОП

Семейде медицина қызметкерлері еңбекақының төленбеуіне шағымдануда

Instagram әлеуметтік желісіндегі «Семей жалобы» паблик парақшасында осында хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Онда келесідей мәтін көрсетілген:

«Сәлеметсіздерме! Семей қалалық аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде қазан айынан бастап еңбекақы төленбейді, ал осы сұрақты көтерген жағдайда, жұмыстан шығарумен қорқытады.

Шакенов Ерлан Рашидович, біздің еңбекақымыз қайда? Бұл қашанға дейін созылмақ, ертеңмен тойдырдыңыз ғой! Міне қараша айының соңы, ал біз қазан айының еңбекақысын алған жоқпыз!

Тәулік ара жұмыс істейміз, қарызға батып отырмыз! Бұл қашанға дейін созылмақ, ертеңмен тойдырдыңыз ғой! Барлығымыздың балаларымыз бар, несиелеріміз бар, балаларымыз тамақ ішкісі келеді!

Жаңа жыл жақындап қалды, осындай кешіктірумен Жаңа жылда да ақшасыз болмыз ба?».

Аймақтық фтизиопульмонология және оңалту орталығының хабарлауынша, кәсіпорынның қызметкерлеріне қазан айы үшін еңбекақы 2021 жылғы 5 қарашада аударылған.

«ҚР әрекет етуші заңына сәйкес еңбекақы есепті ай үшін келесі айдың 10-на дейін беріледі. Кәсіпорынның жұмысшыларына көрсетілген кезеңдегі еңбекақы уақытылы, кешіктірусіз берілді. Өз кезегінде азаматтардан мұндай хабарларға бой алдырмауды сұраймыз, аталған ақпарат шынайылыққа жанаспайды», – делінген ресми хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасында да азаматтарды тек ресми дерек көздерінен алынған ақпараттарды басшылыққа алуды сұрады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button