ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған «Stop-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексеруде.
«Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың 3 фактісі анықталды, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі тұлғалар өз кінәларын мойындады, олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) 26 фактісі және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 фактісі анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Профилактикалық есепке 7 адам қойылды», – делінген ақпаратта.
Жедел алдын алу шарасы 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Semeynews.kz