ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық полицейлер сот санкциясымен тінту жүргізу барысында Ұлан ауданы тұрғындарының бірінің үйінен заңсыз сақталған атыс қаруының бірнеше түрі мен оның оқ-дәрілерін тапты.
- Төрт мылтық тәркіленді. Оқпанды қолдан қысқарту арқылы жасалған 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтың бір кесіндісі, калибрі 5,6 мм “ТОЗ ” маркалы бір ойық мылтық, 16 калибрлі екі тегіс ұңғылы мылтық алынды. Аталған факті бойынша 54 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қнің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, мән-жай анықталуда, – деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Айтып өтейік, аталған баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Semeynews.kz