ҚоғамСемейТОП

Алдағы жылы Семейде 49 көшеге жарықтандыру орнатылмақ

Жарықтандыру Everlight компаниясымен 588 млн теңге сомасына қолданыстағы келісімшартты кеңейту шеңберінде жүргізіледі, Semeynews.kz.

Жарығы жоқ көшелерге 2014 шам орнату жоспарлануда. Бұл туралы АКҚ-де өткен баспасөз конференциясында Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков мәлімдеді.

  • 2022-2023 жылдары 2,083 млрд теңге сомасына қосымша несие және бюджет қаражатын тарта отырып, жаңа келісімшарт жасасу шеңберінде 203 көше жарықтандырылады. Осы жобалар бойынша көшелерді жарықтандырудың ұзындығы 212,5 км құрайды.Туристическая, Юбилейная, Огородная, Морозов көшелерін жарықтандыруға келер болсақ, қазіргі уақытта Туристическая көшелерінде Мичурин көшесінен Березовая көшесіне дейін (80 шам, 2,5 км) және Морозов көшесіндегі (88 шам, 812 м) тіректерді, шамдарды орнату және кабель тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай – ақ, 2022-2023 жылдарға арналған көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту бойынша жұмыс кестесіне Юбилейная және Огородная көшелері енгізілді, – деп хабарлады Димитрий Гариков.

Биыл Семейдің 110 көшесіне “Горсвет LTD” ЖШС мердігер ұйымы 6 736 шам орнатты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button