Бұл туралы АКҚ-де өткен баспасөз конференциясында Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков мәлімдеді.
- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды учаскелерге жеткізу үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең- 2 тұрғын үй алабы, ауданы 322 га болатын 1 695 жер учаскесі, Ұшақтар және Комсомол кентінде қарастырылған. Іске асыру мерзімі – 2019-2022 жж. Екінші кезең – 1 тұрғын үй алабы, ауданы 396 га, 1700 жер учаскесі Ақсайда болмақ. Іске асыру мерзімі 2022-2026 жж. Үшінші кезең – 3 тұрғын алабы, 3 352,3 га, 10 320 жер учаскесі, “Суықбұлақ”, Бобровка кенті, Жарқын, Ақ қайың, Жібек Жолы, Степной кенттері. Іске асыру мерзімі – 2027-2031 жж. Ағымдағы жылы жалпы ауданы 26,1 мың ш.м. екі тұрғын үйдің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары әзірленіп, бекітілді. Пәтерлердің жалпы саны 237. Жалпы ауданы 9,7 мың шаршы метр болатын үш көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, – деді Димитрий Гариков.
Аталып өткендей, биыл 86 263 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері 60 263 мың шаршы метр пайдалануға берілді.
Semeynews.kz