ҚоғамСемейТОП

Биылғыжылы Семейде жеке инвестициялар көлемі 46,2 млрд теңгені құрады

Бұл туралы Семей қаласының индустриалды дамуы туралы брифингінде Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев айтып берді, деп хабарлады Semeynews.kz.

Оның айтуынша, индустрияландыру картасы аясында Семейде” QAZAQ ASTYQ GROUP ” ЖШС күнбағыс, рапс, соя сияқты өнімдерді өңдеу бойынша автоматтандырылған кешен өндірісін іске қосты. 220 жұмыс орны құрылып, 4 мың тоннаға жуық күнбағыс майы өндірілді.

  • Қазіргі уақытта жеке инвестициялар есебінен Берқара кен орнының базасында “ARXMinerals” ЖШС кенді қайта өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. “Жоламан” сауда тарату орталығы құрылысы аяқталды. “Алел “ФИК” АҚ-да десорбациялаудың жаңа цехын салу жоспарлануда, Шугаев көшесіндегі (бұрынғы “Сем-Лада”) ғимараты сауда кешені ретінде қайта жаңарту жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында қала бойынша жеке инвестициялар көлемі 46,2 млрд теңгені құрады, – деп қорытындылады Дархан Жөргекбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button