ҚоғамСемейТОП

Семейде жер учаскесіне 20 мыңнан астам адам кезекте тұр

Бүгінгі таңда Семейде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін алуға кезекте 23 826 адам тұр, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бірақта бас жоспарға және егжей-тегжей жоспарына сәйкес барлығы 13 000 жер телімдері резервке алынды. Бұл туралы  Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз-конференциясында Семей қ. жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов мәлімдеді.

Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Семей қаласында қаланың бас жоспарын бекіткенге дейін құрылысқа арналған жер телімдерін беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бекітілген жоспарға сәйкес Семей бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жалпы көлемі 4070,3 Га құрайтын 10 тұрғын үй массиві қарастырылған, жер учаскелерінің саны – 13 715.  Ұшақтар және Комсомол тұрғын үй массивтеріне коммуникациялар тартылды.

  • Былтырғы жылы «Семей құрылыс материалдары» ЖШС-ға «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 10 жер учаскесі берілді. Ол жерлерде жалпы алаңы 1 142,0 шаршы метрді құрайтын 10 жеке тұрғын үй салынды. Пайдалануға берілгеннен кейін олар ТКШ бөлімімен конкурс негізінде сатып алынды, – деді Құдайберген Сейілханов.

Қалған жер учаскелері «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын одан ары жүзеге асыру үшін резервке алынды. Сонымен қатар биылғы жылы кезекте тұрғандарға 48 жер учаскесі берілді, қазіргі уақытта олардың 31 учаскесі рәсімделді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button