Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шаралары барысында полиция қызметкерлерімен күдікті болып көрінген KIA RIO көлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында көлік тізгіндеген 25 жастағы жүргізуші әйелдің масаң күйде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Semeynews.kz