Денсаулық сақтауҚоғамСемейТОП
Семейде балалар арасында ЖРВИ өршіп тұр
Қазан айынан бастап облыс аумағында ЖРВИ науқастану артуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оның үстіне, ауырудың жартысанан көбі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелуде. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласы бойынша бас педиатры Мәдениет Дайрабаева мәлімдеді.
- Облыс бойынша 586 жатын орын бар, оның 352-і – педиатриялық, 234-і – инфекциялық. Алайда, қараша айының басында Семейде тыныс алу жүйесіндегі ауырумен науқастанған балалар төсек қорының жетіспеушілігі қалыптасты. Эпиджағдайдың нашарлауына байланысты, Семей қаласындағы балалар стационарларына 4 және 5 қарашада мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында анықталды: 1 жасқа дейінгі балалар көп түсуде, олардың арасында 3 айға дейінгі балалар басым, – деп хабарлады Мәдениет Дайрабаева.
Эпидемиологиялық жағдайды ескере келе, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен қосымша 50 төсек ашылды және балаларды жас шамасына байланысты бөлу жүргізілуде. Семей қаласындағы «Венера» мекемесінде ЖРВИ/пневмания асқынған 29 күннен 2 жасқа дейінгі балаларды жатқызу профилі үшін 30 балалар төсек-орындары орналастырылды. Сонымен қатар Семейдегі № 2 қалалық ауруханада 2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған қосымша 20 төсек-орын орналастырылды.
- Бүгінгі таңда алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету жұмыстары, үйде көмек көрсету, біріншіден бір жасқа дейінгі және бес жасқа дейінгі балаларға жедел-жәрдем және емхананың мобильді бригадасын шақырту бойынша жұмыстар күшейтілді. Сондай-ақ ата-аналарды, балаларды дәрігердің тағайындауынсыз өздігімен емдемеуге және өздігімен антибиотиктер және басқа да дәрілер алмауға шақырғым келеді, – деп қорытындылады Мәдениет Дайрабаева.
Semeynews.kz