ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол-көлік оқиғасы болды: бір адам көз жұмды

Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасы болып, бір адам көз жұмды, екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қарашада сағат 08:10 шамасында “Өскемен-Семей” тас жолының 65 шақырымында «Mercedes Benz E220» көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, көлікті басқара алмай көліктің кюветке аударылуына жол берді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі 66 жастағы жолаушы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші және тағы екі жолаушысы (1974 жылғы әйел адам және 1998 жылғы жігіт) түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабалданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button