ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қарашада сағат 16:22-де Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасында екі ер адам мұз жарылып суға құлап кеткен. 1974 жылғы ер азамат шығып үлгерген, ал екеіншісі, 1971 жылғы азамат судан шыға алмаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар судан батып кеткен адамның денесін алып шықты.
Анықталғандай, балықшылар мұз үстіне қауіпсіздік жилетін кимей шыққан.
Еске сала кетейік, жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 4 балықшы суға батып кетті.
Semeynews.kz