ҚоғамСемейСпортТәуелсіздікке 30 жылТОП
Семейде қазақша күрестен ел Чемпионаты басталды
Семейде желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған ересектер арасында қазақша күрестен Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Чемпионат барлық талаптарды сақтай отырып және залдың рұқсат етілген 50% толтырылымымен «Арена» мәдени-спорттық кешенінде өтуде. Жарысқа республиканың 17 өңірінен 9 салмақ дәрежесінде 430 спортшы қатысуда. Чемпионатқа 30 адамнан тұратын төрешілер алқасы төрелік жасауда. Жарыстың бірінші күнінде спорт ардагерлерінің және қала басшылығының қатысуымен ашылу салтанатты өтті. Осындай көлемдегі жарыс Семейде алғаш рет өткізілуде.
- Бүгін біздің «Арена» мәдени-спорт кешенінде қазақша күрестен республикалық жарыс өтуде. Ол желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған. Республикамыздың 17 өңірінен ерлер, сондай-ақ әйелдер командалары арасынан 430 спортшы қатысады. Балуандар 9 салмақ дәрежесінде күш сынасады. Әр салмақ дәрежесіндегі жарыс аяқталғанда жеңімпаздар марапатталады. Осындай деңгейдегі жарыс біздің қаламызда бірінші рет өтіп отыр. Сонымен қатар, атап өтейік, жарыс залдың рұқсат етілген 50% толтырылуымен және барлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде, – деді «Арена» КМСК баспасөз-хатшысы Жасұлан Құрманғалиев.
Чемпионат 2021 жылғы 11 – 13 қараша аралығында өтеді.
Semeynews.kz