ҚоғамҚылмысСемейТОП

Атырауда 300-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар ШҚО азаматы анықталды

Атырауда 300-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар шығысқазақстандық тұрғын анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері республика көлемінде өтіп жатқан “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде банк сайты арқылы өзгелердің атынан онлайн-несие рәсімдеген Шығыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынынын анықтап, ұстады.

Анықталғандай, жігіт микроқаржылық мекемелер арқылы интернеттен кездейсоқ адамдардың мәліметтерін тауып алып, бірнеше ай бойы олардың атынан онлайн-несие рәсімдеп келген. Несие мақұлданғаннан кейін ол өзіне Kaspi Bank, Halyk bank банкоматтары арқылы ақшаларын алып отырған.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше алаяқтық жасады деген күдікті Семей қаласынан ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі, 4-тармағы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Полицейлер күдіктінің жалпы 300-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі бірнеше миллионнан астам теңгені құрады.

Күдікті қазіргі уақытта Семей қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button