Чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысып, семейлік волейболшы қыздарымыз екінші орынды жеңіп алды.
- Чемпионаттың деңгей жоғары екенін атап өткім келеді. Біздің қаламыздың қыздары бірінші рет финалға өтті. Болашақта осы спорт түрін одан ары дамытамыз, жастарты тартып, оларды жаттықтыратын боламыз. Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпіренен командалар келді. Өкінішке орай, екі лидер келе алмады, олар – өскемендік «Алтай», олар жаттығу жиынында. Екіншісі Петропавлдың «Қуаныш» командасы. Келешекте осы командалармен кездесеміз деп ойлаймын, алда әлі 23 жасқа дейінгі қыздар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаты жоғарғы лигасының І туры бар. Сол жерде кездесеміз, – деді Семей қаласындағы «Алтай-3» командасының бас бапкері Тимур Жарлағасов.
Айтып өтейік, чемпионатта І орынды Павлодар командасы, ІІІ орынды Түркістан командасы жеңіп алды.
Semeynews.kz