Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қазанда есірткі қылмысына қарсы күрес бөліміне 65 жастағы зейнеткер әжей хабарласып, өзінің 18 жастағы немересінің денсаулығына алаңдаушылық танытып, оның пәтерде сақтаған есірткі затын ерікті түрде тапсырған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, әжей тапсырған зат «кептірілген марихуана» болып табылды, оның жалпы салмағы – 1,92 грамм.
Аталған Факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz