Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ардақ Исатаев мәлдемдеді.
- Бүгінде Қарағайлы ықшам ауданында 32 тұрғын үй пайдалануға берілді және алдағы уақытта олардың саны артады. Осы ауданда болашақта 227 көпқабатты тұрғын үй және бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтереді. Сондай-ақ 1200 орынға арналған мектеп және 320 орынға арналған бала-бақша салу жоспарлануда. Мектеп құрылысы 2022 жылы басталады. Сонымен қатар, стела орнату жұмысы жүргізілуде және де қаладағы қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналатын орындарға қойылатын шағын сәулет фигураларын орнату жұмыстары жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру келесі жылы басталады, – деп атап өтті Ардақ Исатаев.
Конференцияда сонымен қатар жол маңында орналасқан нысандардың меншік иелерімен келісе отырып Шәкәрім даңғылын кеңейту қарастырылуда. Жалпы, сәулетшілердің айтуларынша, қала құрылысы бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Semeynews.kz