
Қалалық әкімдікте хабарлауынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында 2021 жылғы 30 қазанда «Северный» сауда логистикалық орталығында Бесқарағай ауданының және «Jolaman» көтерме сауда орталығында Абай ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Осы жәрмеңкеде барлық ауыл шаруашылығы өнімдері арзандатылған бағамен саудаға шығарылады.
“Қала тұрғындарын, қала қонақтарын және кәсіпорын, мекеме, ұйым жұмысшы қызметкерлерін жәрмеңкеге келуге шақырамыз. Сіздерді арзан әрі сапалы өнімдер күтуде”, – деп хабарлайды әкімдік.
Semeynews.kz