
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға ағымдағы жылдың 28 қазанында Омск-Майқапшағай тас жолында, Павлодар облысына бір шақырым жерде орын алған. Honda көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, көлік аударылған. Нәтижесінде жүргізуші және көліктегі екі жолаушы алған түрлі дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Semeynews.kz