ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейлік тұрғынды алаяқ сан қақтырды

Семейлік тұрғын алаяққа жем болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 18 қазынында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың 10 қазанында өз үйінде бейтаныс ер адамның алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, белгілі банк қызметі арқылы жер аумағын алуға құжаттарды ресімдеп беремін деген сылтауымен оның 800 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденіп кеткенін хабарлады.

«Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 28 жастағы жергілікті тұрғынды адамды анықтап, қолға түсірді. Жауап алу барысында ол ұрлаған қаражатты өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button