ӘлемҚазақстанСпортТОП

Шығысқазақстандық өрт сөндіруші кикбокстан өткен Әлем Чемпионатында қала жүлдегері атанды

Шығыс Қазақстанның өрт сөндірушісі Италияда өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

“ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ” ММ Семей қ. жасағының №40 ӨСБ-де жүргізуші азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов төтенше жағдайлар органдарында 2016 жылдан бастап қызмет етеді.
26 жастағы өрт сөндіруші спортпен мектеп жасынан бастап белсенді шүғылданады.

2021 жылдың 15-24 қазан аралығында Италиядағы кикбоксингтен Әлем чемпионатына қатысып, әлемнің 65 елінен 1 600 спортшы қатысқан чемпионатта Берік Қалықов Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп, қола жүлдегері атанды.
Қызмет барысында Берік Қалықовтың еншісінде 15-ке жуық өрт сөндіру және 20 азаматты құтқару бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button