
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы эжылдың 26 қазанында сағат 17:30 шамасында Өскемен қаласында, Новаторов көшесі бойында 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген КАМАЗ көлігі аударылып қалды. Анықталғандай, жүргізуші қауіпсіз жылдамдықты сақтамаған және солға бұрылғанда көлікті басқара алмай аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, тек жүргізушінің өзіне материалдық шығын келтірілді.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚК 620-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Semeynews.kz