ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде бір түнде екі мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Бір түнде Семейде екі мас жүргізуші ұсталды, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы 25-26 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Семей қаласында автокөлік жолдарымен мас күйінде жүрген екі жүргізушіні ұстады. Анықталғандай, олардың екеуі де бұрын осындай құқық бұзғандары үшін сот жүргізуші куәлігінен айырған. Алайда, сот шешімі жүргізушілерге кедергі болмаған сынды, себебі жүргізушілер өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіре отырып, қайта мас күйінде көлік тізгініне отырған.

Бірінші жағдайда мас жүргізуші ВАЗ маркалы көлікті басқарған 34 жастағы ер адам болып шықты, ол 2019 жылы 3 жыл мерзімге басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Екінші жағдайда – 33 жастағы ер адам «Тойота» маркалы автокөлігін басқарған, олда 2019 жылы көлік басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылған. Жүргізілген сот-медициналық куәландыру олардың «жеңіл» және «орта» дәрежедегі алкогольдік масаңдықты көрсетті.

  • Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған адамдардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сараланады және қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді баспасөз қызметінде.

Ағымдағы жылдың басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1700-ден астам жүргізуші ұсталды, олардың 125-і бұрын сотпен осындай құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші құқығынан айырған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button