
Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 7 қазанында Семей қаласының 62 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерлері күдікті өз үйінің ауласында жасырын қару жасаумен айналысқанын анықтады.
- Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат «ИЖ-56-3» тегіс ұңғылы қару болып табылды. Оның төменгі ұңғымасы қолдан жасалынған, – деді ведомствода.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 288-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz