ҚоғамҚылмысСемейТОП

Тағы бір семейлік әйел алаяққа жем болды

Семейлік әйел алаяққа жем болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 қазанында Әуезов ПБ «102» жедел арнасына 40 жастағы әйел жүгініп, 2021 жылдың ақпанында қаладағы банк филиалдарының бірінде алдау жолымен оның сауалнамалық мәліметтерін пайдаланып, 509 000 теңге сомасында несие рәсімдегінін хабарлаған.

  • Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 44 жастағы әйел анықталып, жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындады және қаражатты өз мұқтаждықтарына жұмсағанын жеткізді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған бап бойынша мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button