
ШҚО ПД ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың 14 қазанында Семей қ. ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 44 жастағы ЖШС басшысы арызбен жүгініп, 2021 жылғы 4-11 қазан аралығында дүкеннің 26 жастағы сатушысы 5 дана ұялы телефонды иемденіп кеткенін хабарлаған. Келтірілген шығын шамамен 3 500 000 теңгені құрайды.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған күдіктіні жеткізді, ол тергеу барысында кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, ол аталған ұялы телефондарды ломбардқа өткізген, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді, – деп көрсетілген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 – бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Semeynews.kz