ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейлік полицейлер қалтасында есірткі жасырған ер адамды ұстады

Семей полицейлері қалтасына есірткі жасырған 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Семей қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасор-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында, үйлердің бірінің жанында 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Рұқсат етілген жеке тінту барысында оның джинсиының артқы сол қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті зат оралған бір қағаз бума табылып, тәркіленді.

Ұсталған адамның көлігін тексерген полицейлер жүргізуші орындығының астынан, бос телефон қорабының ішіне салынған,  белгілі бір иісі бар өсімдік тектес жасыл зат оралған тағы бір қағаз бума табылды.

Маманның қорытындысына сәйкес тәркілен зат «кептірілген марихуана» болып табылады, оның жалпы салмағы 4,98 грамм.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасын көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button