ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ағымдағы жылдың 11 қазанында Өскеменнің Үлбі ПБ кезекші бөліміне 37 жастағы әйел хабарласып, сағат 05.20 шамасында Гагарин бульвары көшесінде күш қолдана отырып, қолындағы алтын сақина мен қымбат смартфоның тартып алып, оны тонап кеткенін айтқан. Қарақшы оқиға орнынан қашып кеткен. Осылайша жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері сол күні «ізін суытпай», қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұстады. Күдіктіден жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191 – бабы 2-бөлігі «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған бап бойынша мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көрсетілген.
Semeynews.kz