ҚоғамСемейТОП

Семейде терроризмге қарсы жаттығу өтуде

Бүгін Семейде терроризмге қарсы жаттығулар өтуде, бірқатар шектеулер қарастырылған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласының терроризмге қарсы жедел штабының хабарлауынша, бүгінгі өтіп жатқан жаттығу барысында терроризмге осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Семей қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button