ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде өзгенің атына несие рәсімдеген 21 жасар алаяқ ұсталды

Семейде 21 жасар алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 10 қазанында Орталық полиция бөліміне 19 жастағы жігіт жүгініп, танысы алдау жолымен оның атына несие рәсімдегенін хабарлаған.

  • Анықталғандай, ағымдағы жылдың сәуір айында сауда үйлерінің бірінде танысы оның сеніміне кіріп, сауалнамалық мәліметтерін пайдаланып, оның атына 240 000 теңгеге тауарлы несие рәсімдеген. Жедел-іздестіру шарасы барысында бұрын сотты болмаған, еш жерде жұмыс істемейтін 21 жастағы ер азамат ұсталды. Ол өз кінәсін толықтай мойындады, қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп түсіндірді ведомствода.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button