ӘлемҚоғамСпортТОП
Грекияда 2022 Қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Пекинде өтетін 2022 Қысқы Олимпиада ойындарының алауы Грекияда жағылды. Рәсім біздің дәуірімізге дейінгі сегізінші ғасырда Олимпиада ойындары пайда болған Ежелгі Олимпия орнында өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Спорт" басылымына сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша алау Гера ғибатханасында параболалық айнаның көмегімен жағылды. Бас абыздың рөлін актриса Ксанти Георгия сомдады. Ол күн сәулесін жіберіп, алау тұтануы үшін Аполлонға дұға оқыған.
Алау жағу рәсімі COVID-19 пандемиясына байланысты осымен екінші рет көрерменсіз өткізілді. Сонымен қатар Олимпиада алауының эстафетасы да қысқартылған. Қазір алауды тек үш адам ғана алып жүгіреді.
Ежелгі Олимпия стадионына Грекия президенті Катерина Сакелларопулу мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах келген. Дүйсенбі күні алау Афинаға жеткізіліп, Акропольге ауыстырылады. Ал сейсенбі күні Панатинаикос стадионында ол Қытай делегациясына табысталады.
Semeynews.kz