ҚоғамСемейТОП

Семейде өткен сенбілікке қатысты түсіндірме берілді

Семей қалалық әкімдігінде сенбілікке қатысты түсіндірме берілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

16 қазанда Семейде жалпықалалық сенбілік өтті. Оған білім нысандары да қатысты. Алайда бұл кейбіреулердің көңілінен шықпады. Ата-аналардың айтуынша, Семейдің кейбір мектептерінде сенбілікке байланысты сабақ тоқтатылып, ұстаздарды көше тазалауға шығуға міндеттеген. Тіпті әлеуметтік желелерде қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қол қойған өкімде таралды. Өкімде бөлім басшыларына меншік түріне қарамастан барлық мекемелердің сенбілікке шығуларын ұйымдастыру тапсырылған. Бүгін осы жағдайға қалалық әкімдікте түсініктеме берілді.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың түсіндіруі бойынша, сенбілік ерікті түрде өткізілді және оқу процессін тоқтату қажеттілігі  немесе сабақты тоқтату туралы нұсқау болмаған.

  • Сенбілікке ерікті негізде меншік түріне қарамастан барлық азаматтар қатысады. Желіде тараған құжатқа келетін болсақ, иә, мен қол қойған осындай өкім болғаны рас. Бірақ онда оқу процессін немесе сабақты тоқтату қажет деген нұсқау жоқ. Сонымен қатар сенбілікке кәсіпкерліктің субъектілері де қатысады, олар қаланы аббаттандыру ережесіне сәйкес, бекітілген аумақтарында тазалық жұмыстарын жасайды. Сондай-ақ бізде тікелей бизнес субъектілеріне қала көшелері бекітілген, көше қамқорлығы бар. Біз негізінен көшедегі жапырақтарды жинауды жүргіздік.  Қаланың коммуналдық қызметі, негізінен, өз жұмысын толық атқаруда. Қазіргі уақыттағы штатпен коммуналдық қызмет газондағы жапырақтарды тазалауды ұзақ уақыт қажет болар еді. Ал бұл жерде, қала тұрғындарының күшімен бір күнде қаланы ретке келтірдік. Мен бұл жерде проблема көріп тұрған жоқпын. Сенбіліктер бұған дейін жүргізіліп тұрды және жүргізілетін болады. Жалпы мектептердің барлығы сенбілікке қатысты. Осы мектептерде оқу процессі тоқтатылған жоқ, – деді Димитрий Гариков.

Жағдайға қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко түсіндірме берді, олда сабақты тоқтату туралы ақпаратты жоққа шығарды.

  • Сенбі күні сабақтар тоқтатылған жоқ. Жалпықалалық сенбілік хабарланды, әр басшы қай аумақты тазалау керектігін өздері шешті. Осы мәселе бойынша нақты нұсқаулар болған жоқ. Бірақ әкімдік жалпықалалық сенбілік жарияласа, яғни, кім, қашан, қайда шығатыны туралы директорлар өздері шешім қабылдайды. Мәжбүрлеп шығару болған емес. Иә, әрине, педагог мүддесі туралы заң бар, заң шеңберінде педагогтарды өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады, бірақ, менің ойымша, олар өздері сенбілікке шыққылары келсе онда тұрған ештеңе жоққой. Бірақ оларды осы әрекетке мәжбірлеуге ешкімнің құқығы жоқ, – деп атап өтті Наталия Фесенко.

Әкімдікте сонымен қатар меншіктің барлық түрлерін тарта отырып осындай сенбіліктер жүргізу жалғасатыны  айтылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button