ӘлемСпортТОП
Еркебұлан Малшыұлы Моңғолиядағы күрестен аймақтық лашын атағын жеңіп алды
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында ұйымдастырылған күрес сайысында арыстан дәрежелі палуан Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық лашын (начин) дәрежесін иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Kaznews.mn ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Моңғолдың ұлттық күресінен аймақтық атақ берілетін сайысқа 128 палуан қатысып, аймақтық лашын (начин) дәрежесін Еркінбек Шоқанұлы мен Бердәулет Мұқтарұлы жеңіп алды. Финалдық кездесу аймақтық арыстан (арслан) Еркебұлан Малшыұлы мен Энхболдын Тамираа арасында өтті. Бұл белдесуде Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық «Хурц арслан» атағын алды. Бұл атақ моңғолдық ұлттық күрес ережесіне сай аймақтық мерей тойда екі мәрте жеңімпаз атанған палуанға беріледі. Еркебұлан Малшыұлы бұған дейін 2011 жылы аймақтық арыстан атағын алған болатын», – делінген ақпарат дерекөзінде.
Semeynews.kz