ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Алматы – Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматы - Қапшағай тасжолында Lada Granta жүргізушісінің кесірінен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы – Өскемен жолының 19-шақырымында болған.

“Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған”, – дейді құқық қорғау органдары өкілі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button