
Еліміздің игілігіне бағытталған көптеген бастамаларды Тұңғыш Президент Қоры жүзеге асыруда. Ол 20 жыл ішінде жүздеген талантты жастарды қолдауға, білікті медициналық оңалтуға және тағы басқа саладағы жастарға көмектесті. Елбасы қорының директоры Дариға Назарбаева Шығыс Қазақстанға өңірдегі бастамалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге Дариға Назарбаева Өскемен қаласында Ана мен бала орталығы базасында ашылған “Қамқорлық” балаларды оңалту орталығында болды. Мұнда церебральды сал ауруы, нейро-ортопедиялық патологиясы бар немесе жарақат пен операциядан кейін балаларға қажетті көмек көрсетіледі. Орталық Тұңғыш Президент қорының бастамасымен 2020 жылдың желтоқсанында ашылды. Осы уақыт ішінде Шығыс Қазақстаннан келген 480 балаға реабилитологтар қол ұшын созды.
“Қамқорлық” оңалту орталығының басшысы Азамат Райымбеков те сапалы оңалту қажеттілігі туралы жақсы біледі. Бір кездері оның өзіне церебральды сал ауру деген диагноз қойылды. Бірақ ол өзін медицинада толық танытуына кедергі болмады.
– Мен ем қабылдаған кезде, өңірімізде оңалту орталықтары болған жоқ. Ата-анаммен бірге Алматыға баруға тура келді. Ұзақ жол жүруге қорқатынмын. Енді осындай тамаша шешімнің арқасында біздің облысымыздың балаларына мың шақырымдық басқа қалаға емделуге барудың қажеті жоқ. Мұнда бізде 30 төсектік тәуліктік стационар ашылған. Сондай-ақ, күндізгі стационар және амбулаториялық-емханалық көмек алу мүмкіндігі бар. Біздің қызметкерлердің көбі үлкен жетістікке жеткен. Біреу жүре бастады, біреу басқалармен қарым-қатынас жасай бастады. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, – дейді оңалту орталығының басшысы.
Емдеуге ЕДШ процедуралары, арнайы аппараттар мен тренажерлардағы сабақтар, логопедтер мен дефектологтармен сабақтар, массаж, сондай-ақ, тұз және шунгит, сенсорлық және интерактивті бөлмелер, бальнеотерапия көмектеседі. Айта кетейік, орталықта кәсіби дайындықтан және оқытудан өткен мамандар жұмыс істейді. Дариға Назарбаева қызметкерлердің қызметімен танысып, оңалтудан өтіп жатқан балалардың ата-аналарымен кездесті. Ата-аналардың айтуынша, емдеу өте жақсы.
– Осы орталыққа екінші рет келіп ем алып жатырмыз. Бірінші рет келгенде баламыз жүре алмай, тек тізерлеп еңбектейтін. Осында келгеннен кейін балам жүре бастады. Қазір жағдайы жақсы. Бізге көбіне массаж бен емдік дене шынықтыру жаттығулары көп көмектеседі. Біз аурухана қызметкерлеріне ғана емес, Елбасы Қорына да, облыс басшылығына да сапалы тегін оңалтудан өтуге мүмкіндік бергені үшін ризамыз, – деді Арайлым Базарова.
“Қамқорлық” корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркинованың айтуынша, еліміз бойынша ашылған оңалту орталықтарының сегізінші дәл осы Өскемен қаласында орналасқан. Жыл сайын олардың әрқайсысы 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 4 800 баланы қабылдай алады. Елбасы Қоры бастамасының екінші кезеңі аясында жыл соңында Шығыс Қазақстанда, Семей қаласында осындай орталықтың тағы бір орталығын іске қосу жоспарланып отыр.
Нысанды аралау барысында Дариға Назарбаева оңалту орталығының ұжымы мен облыс басшылығына балаларға білікті көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Қор ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.
– Сіздер мұнда тату отбасының атмосферасын құра білдіңіздер. Ата-аналар мен дәрігерлер балалардың денсаулығы үшін күресуде. Нәтижесі жақсы. Біз Қор тарапынан сіздерге ұдайы қамқорлық жасап, жан-жақты қарап отырамыз. Әдістемелік тұрғыдан әрі қарай өсуге және дамуға көмектесеміз. Мамандарды даярлаймыз. Оңалту саласында әлемдегі ең үздіктерді танып, біздің орталықтарда жаңа әдістемелерді енгізетін боламыз, – дейді Дариға Назарбаева.
Semeynews.kz