
Семей қалалық полиция басқармасында хабарлағандай, бүгін, 16 қазанда сағат 08:30 шамасында Семейдің аспалы көпірінде бірнеше көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасына алғашқы тайғақ және тұман себеп болған. 23 жастағы жүргізуші тізгіндеген Лада Грантта көлігі тайғанақтап көпірдің ортасындағы қоршауға соғылған. Оның артында келе жатқан автокөлік, соқтығысуды болдырмау үшін тоқтаған. Ал тоқтаған көліктің артында келе жатқан көліктер тоқтап үлгермей, оның көлігіне соғылған.
Бүгінгі тайғақта тоқтау мүмкін емес. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.
Semeynews.kz