ҚоғамСемейТОП

Тұрды да, кетті! Семейде шенеунік тікелей эфирдегі пресс-конференциядан кетіп қалды

Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Уәлиев көлік сұрақтары бойынша тікелей эфирдегі пресс-конференцияны бұзды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде қоғамдық көлік мәселелері бойынша өткен тікелей эфирдегі пресс-конференцияға спикер ретінде Семей қалалық қоғамдық көлік және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Уәлиев және жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Назым Жанболатова қатысты.  Алайда журналистер алдында барлық сұрақтарға сектор меңгерушісі жауап берді. Өйткені, Ерлан Уәлиев, өз баяндамасынан кейін тікелей эфирдегі пресс-конференциядан кетіп қалды. Бұнымен қоса, ол конференцияны бұзғаны үшін кешірім сұрауды да ойламады.

Кейін белгілі болғандай, шенеунікті «әкім шақырғаны» белгілі болды, шамасы ол үшін бұл конференцияны әдеттен тыс түрде бұзуға жақсы себеп болып көрінген ғой.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button