ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыркүйек айының соңында Глубокое аудандық ПБ аудандағы ЖШС-ң бірінің директоры жүгініп, 28 жастағы сауда өкілі 2 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғанын хабарлады.
- Сауда өкілі болып жұмыс істейтін бойжеткен Глубокое ауданында орналасқан дүкендерден кәсіпорынның өнімдері үшін қаражатты жинаған. Жиналған қаражатты өз қалтасына басқан. Жалпы шығын сомасы – 1 900 000 теңге, – деді ведомствода.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы бойжеткен анықталды және сұрау алу барысында өз кінәсін толықтай мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігі 3-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz