ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейлік құтқарушылар көмекке келді

Семейлік құтқарушылар үй шатырына шығып, түсе алмай тұрған жұмысшыларға көмектесті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 14 қазанда Семей төтенше жағдайлар басқармасына Аманов көшесі бойындағы төрт қабатты үйлердің бірінің төбесін жөндеуге шыққан жұмысшылардың төмен түсе алмай жүргендігі жайлы ақпарат түскен.

  • Анықталғандай, үй төбесіне жөндеу жүргізіп жүрген мекеменің техникасы істен шыққан. техникадағы ақау салдарынан жұмысшылар жерге түсе алмаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар автосатының көмегімен оларды жерге түсірді. Медициналық көмек қажет болмады, – деді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button